ЗАҢНАМА БҰЗҒАН 74 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша 2017 жылдың 2 айында облыс аумағына түрлі мақсатпен келген 2580 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 258-і алыс шетелдерден, ал 2322 ТМД елдерінен келгендер. Олардың көпшілігі жалдамалы жұмыс істеуге келгендер.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №153-V ҚР Заңына сәйкес еңбек етуге келген шетелдікке рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтару қағидасы бойынша 520 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке 4 млн. 882 мың теңге түсірілді.
Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзған 542 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша, яғни шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауда көші-қоны саласындағы ел заңнамасын бұзғаны үшін 35 жеке немесе заңды тұлғаға, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабын сақтамағаны үшін 12 Қазақстан Республикасының азаматына әкімшілік шара көрілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Өзбекстан Республикасының 1 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген ТМД елдерінің 49 азаматы республика аумағынан аластатылып, 74 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.
Бұдан бөлек, айта кетерлік жайт, ағымдағы жылдың 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
3 күнге созылған іс-шараға департаменттің 377 қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заңнамасын бұзған 426 шетел және 35 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 27 азаматы ҚІІБ-нің қабылдау-тарату орнына жеткізілді.