МИНИСТРЛІК МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Оған вице - министр Элмира Сұханбердиева, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед - Зәкі, министрліктің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаныл Жонтаева мен заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов қатысты.
Брифингте вице-министр Элмира Сұханбердиева әлеуметтік желілерде ведомствоның қызметіне қатысты тарап жатқан ақпарат туралы мәлімдеме жасады. Ол алдымен осыдан бір ай бұрын елімізге белгілі бір топ ғалымдардың жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті және басқа да пәндердің алынып тасталуына байланысты министрдің атына жазған хатына байланысты түсініктеме берді. Онда вице-министр хаттың қалай пайда болғаны белгісіз екенін, аталған пәндердің білім ордаларында оқытылып жатқанын, олардың алдағы уақытта да сақталатынын атап өтті.
- «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Лингвистика» мен «Шығыстану» өз орнында. Ештеңе өзгерген жоқ, өзгермейді де. Болашақта пәндердің бәрі сақталады. Оларды университетте жабу туралы ақпарат жалған. Елімізде қазақ тілі мен әдебиетінің қафедралары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр, - деді ол.
Вице - министр «Әліппе» оқулығы мен «Серпін» бағдарламасына қатысты алып - қашпа әңгіменің шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның айтуынша, былтыр педагогтармен келісе отырып «Әліппені» 0-ші сыныпта оқытылатыны туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта мектепке баратын балалар әріп танып, оқи алады. Сондықтан «Әліппе» мектепалды даярлық деңгейінде оқытылу тиіс, яғни, балаларды мектепке даярлайтын 0-ші сыныптарға беріледі. Ал «Ана тілі» пәні 1-ші сыныптан бастап оқытылады.
Жиында министрлік өкілдері әлеуметтік желіде көптен бері қызу әңгіме болып жатқан «Серпін» бағдарламасына қатысты да түсініктеме берді.
Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаныл Жонтаева «Серпін» бағдарламасының жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын, биыл оған қосымша 500 орын бөлінгенін, қазір жобаға 9 мыңнан астам адам қатысып отырғанын айтты.
- Биыл бөлінген қосымша 500 орын магистранттар мен докторанттарға бағытталды. Бұл мәселе педагог қауымымен және жергілікті атқарушы органдармен кеңінен талқыланды, - деді ол.