АЗАМАТТАР МӘСЕЛЕСІ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 6 азамат тіркеліп, өз өтініштерін білдірді.
Солардың бірі қала тұрғыны Ақнұр Жәрімбетова. Азаматшаның айтуынша, ол 8 жасында ата-анасынан айырылып, қазір ағайындарының үйінде тұрады екен. 2013 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша пәтер кезегіне тұрған. Болашақта ағайындарына салмақ салмай өз үйінде тұрғысы келеді.
- Партия қабылдауына тезірек баспаналы болуыма көмек сұрап келдім, - дейді ол. Мәселемен жіті танысқан филиал төрағасының бірінші орынбасары Ақнұр Жерімбетоваға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз балаларға пәтер беру реттілігін заң аясында түсіндіріп, өзі тікелей қадағалап, қолдау көрсететінін жеткізді.
Ал, батыр ана Күлшара Қаражанова болса 2016 жылдан бері тұрғын үйін жекешелендіре алмай жүргенін айтып шағымданды. Оның айтуынша кезінде баспанасына техникалық паспорт дайындағанда жер рәсімделмей қалған. Батыр ана 7 ай бойы жер құжаттарын рәсімдей алмай жүргендіктен «Нұр Отан» партиясына көмек сұрап келген. Ибадулла Құттықожаев азаматшаның мәселесіне қатысты партия филиалы тарапынан арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.
Ал Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны Берік Жалғасбаев мемлекеттік бағдарлама аясында сырттан көшіп келгендігін айтып, пәтер мәселесін шешіп беруге көмек сұрады. Азаматтың өтінішіне сай Ибадулла Құттықожаев Қармақшы аудандық жұмыспен қамту бөліміне телефон арқылы хабарласып, жақын арада мәселенің шешілетінін айтып қуантты.
Қабылдау барысында Ибадулла Дүйсенбайұлы жыл басынан тұрғындардан 677 арыз-шағым келіп түскенін, оның 151-і оң шешімін тапқанын атап өтті. Сондай-ақ, қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініштері назарға алынып қаралатынын жеткізді.