МҰҒАЛІМДЕРГЕ ГҮЛ СЫЙЛАУҒА БОЛАДЫ!
ҚР БҒМ өкілдері мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге тыйым салынды деген әңгімеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде 8 Наурызға гүл мен сыйлық беруге тыйым салынған деген тақырып аясында белсенді түрде пікірлер жазылып жатыр. Мұндай хабарлар мектептерде де тарауда. Сондықтан да ҚР Білім және Ғылым министрлігі осы мәселе бойынша пікір білдірді. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева жоғарыда айтылған деректерді жоққа шығарды.
"Қазіргі уақытта ата-аналар тарапынан көптеген сұрақ мен қоңырау түсіп, сайтымызға жазып жатыр. Мұғалімдерге мереке қарсаңында гүл сыйлауға тыйым салынды деген бұйрық болған емес, болмайды да. Министрліктің тарапынан мұндай тыйым салу болмағандығын ресми түрде айтамыз", - деді Эльмира Суханбердиева.