КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНА 375 МЫҢ ТОННА АРЗАНДАТЫЛҒАН ЖАНАРМАЙ БӨЛІНДІ
Ауылшаруашылығы министрлігі қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіманап Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен апталық брифингі барысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтары туралы баяндады.
«2017 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 375 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның наурыз, сәуір, мамыр және маусым айына бөлінісі реттелді»,-деді АШМ ресми өкілі.
Жасұлан Әбдіманаптың айтуынша ауылшаруашылығы өнімдерін егу алаңы 21,6 мың гектарды құрайды деп күтілуде.
Жасұлан Әбдіманаптың айтуынша ауылшаруашылығы өнімдерін егу алаңы 21,6 мың гектарды құрайды деп күтілуде.