ҚЫЗЫЛОРДАДА РУХАНИЯТ ЖӘНЕ ДӘСТҮР АЙЛЫҒЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18 қазан – Рухани келісім күні. Осыған орай, 18 қазан мен 18 қараша аралығы «Руханият және дәстүр» айлығы болып жарияланды. Бұл туралы облыстық дін істері басқарма басшысы Нұрхан Жалиев облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Осы орайда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев білім беру ұйымдарындағы дінтану негіздері пәні оқытушыларының білімін жетілдіру үшін арнайы іс-шара жоспарын бекітті.
Брифингте Нұрхан Жалиев өткізілетін шаралар мен тоғыз айда атқарылған шаралар барысымен таныстырды. Айлық аясында білім беру мекемелерінде дінтану негіздері пәні оқытушыларының білімін жетілдіру үшін семинарлар ұйымдастырылып, олардың біліктілігіне талдау жасалмақ. Шара барысында кездесулер, әдет-ғұрып, дін тақырыбында ақын-жазушылардың арасында мәнерлеп оқудан байқаулар, этномәдени орталық белсенділерімен дөңгелек үстел отырысы, кітап көрмесі және ағаш отырғызу рәсімдері, сенбіліктер ұйымдастырылмақ. Руханият және дәстүр айлығы 18 қарашаға дейін жалғасады.
Шынар БЕКБАН