ҰЭМ ТАУАРЛАР БАҒАСЫНЫҢ ӨСІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Жыл басында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 2 пайызға көтерілген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева хабарлады.
«Жеміс-жидек өнімдерімен салыстырғанда қой, сиыр еті өнімдерінің бағасы сәл өскені байқалады. Бағаның өзгеруіне әсер ететін бірден-бір фактор өнімдерді сақтау қызметіне кететін шығыннның көтерілуі болып табылады. Жалпы баға мал азығының қымбаттауына, сондай-ақ, көлік тасымалдарының шығындары мен жанар-жағармай өнімдерінің көтерілуіне байланысты өсіп отыр»,-деді Самал Ибрава.
Сонымен қатар, ҰЭМ баспасөз хатшысы қазіргі таңда тауар қызметтерін реттеу мәселелеріне бірқатар заңнамалық түзетулер әзірленгенін жеткізді. Бұл түзетулер бөлшек сауда бағаларының өсімін тежеуге бағытталып отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу бойынша өкілеттілікті жергілікті атқарушы органдарға тапсыру ұсынылуда. Бұл сол аймақта баға өсіміне жедел назар аударуға мүмкіндік береді.