ЕЛБАСЫ ТҮЗЕТУЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСКЕ ЖОЛДАДЫ
Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Конституциялық Кеңеске жолданды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды.
Конституцияның 72-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағидаттары мен басқару нысанына негізделген, Конституцияда белгіленген құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірді.