ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қ.Адранов, Қызылорда қалалық соты судьяларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған іс шараларды іске асырылуы бойынша жедел кеңес өткізді.
Жедел отырыста алқа төрағасы Қ.Адранов соттың 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында жасалған жоспарындағы іс-шараларды іске асыру барысына тоқталды.
Сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова азаматтық істерді қарауда тараптармен процессуалдық емес қарым-қатынастарды болдырмау, азаматтық істі қарауға әзірлеу жұмыстарын сот залында атқару қажеттілігін атап өтті. Судьяларға сот отырыстарын негізсіз кейінге қалдырмауды, іс қарауда созбалаңдылыққа жол бермеуді тапсырды.
Қ.Адранов, кеңсе меңгерушісіне азаматтардың арыз-шағымдарының мерзімінде және толық қаралып, шешілуін, жауап берілуін қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, сот қызметкерлеріне ішкі ережелер мен еңбек тәртібін қатаң сақтау міндеттелді.
Кеңес соңында сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттерді алдын-алу бағытындағы ұсыныстар талқыланды.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі