ҚАРУДЫ ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАНЫ ҮШІН АЙЫП ТӨЛЕДІ
Байқоңыр қалалық соты қаруды заңсыз сақтаған қала тұрғынынв 20 АЕК айыппұл салды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы П. 2016 жылдың қыркүйек пен қазан айлары аралығында Байқоңыр қаласында ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы 16 калибрлі мылтығы мен 24 дана 16 калибрлік патронын заңсыз иемденіп, өзімен бірге алып жүрген. Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, қаруды Қамбаш көлінің жағасынан тауып алғанын көрсетті, деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен құқық бұзушы П. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 42 420 теңге айыппұл салынып, қаруы тәркіленді.
Қаулы заңды күшін енген жоқ.
Сот қаулысымен құқық бұзушы П. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 42 420 теңге айыппұл салынып, қаруы тәркіленді.
Қаулы заңды күшін енген жоқ.