АНТЫНА АДАЛ АҚМАРАЛ
Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы, береке-бірліктің бастауы деп жатамыз. Әйелдердің құдіреттілігі мен батылдығына таң қалып, бас имеген жан қалмаған шығар. «Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз соны білдірсе керек.
Қазіргі заманда әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Сонау қиын-қыстау жылдарында елдің еңсесін көтеруге атсалысудан бастап, бүгінгідей әлемге танылып, бәсекеге барынша қабілетті мемлекет болуға ұмтылып отырған заманда да әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз.
Олар заң шығару саласында да, мемлекеттік қызмет, денсаулық, құқық қорғау органдарында, білім-ағарту жүйесінде де жемісті жұмыс істеп жатыр.
Мәселен, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің өзінде 200-ге жуық қыз-келіншек қызмет етуде. Отан алдында адал қызмет етуге ант берген арулар ерлерден кем түспей, күн-түн демей халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын күзетіп келеді. Солардың бірі – Ақмарал Әлменова. Ол 1982 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1999 жылы №136 орта мектебін бітірген соң сол жылы Қазақ гуманитарлық заң университетіне оқуға қабылданады. Ішкі істер органдары қатарында қызмет етуді басты мақсаты етіп, 2003 жылы ішкі істер органдары қатарына жұмысқа қабылданады. Бұл салаға келіп, қызмет атқаруына ең бірінші «әке жолын қусам» деген бала арманы ықпал етеді. Себебі, әкесі Әлменов Әбубәкір Сақтағанұлы 25 жыл бойы қылмыстық-атқару жүйесінің №ЗК 169/5 тергеу изоляторында қызмет атқарып, майор шенінде зейнеткерлікке шыққан.
Алғашқы қызметін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Көші-қон полиция басқармасының инспекторы қызметінен бастайды. 2005-2016 жылдар аралығында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, штаб бөлімшесінің аға инспекторы, қалалық ішкі істер бөлімі криминалды полиция бөлімінің жедел іздеу тобының аға жедел уәкілі, экстремизмге қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, штаб бөлімшесінің бастығы лауазымдарында абыройлы қызмет етеді.
Ішкі істер органдарында қатарында атқарған мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Құқық қорғау саласында қызмет еткен 13 жыл уақыт ішінде өзін білгір маман ғана емес, сонымен қатар қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің тәлімгері, ұстазы ретінде де таныта білді. Ішкі істер органындағы бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа ала отырып, теориялық білімін практикасымен ұштастырып, үнемі іздену, өз-өзін жетілдіру, білімі мен білігін шыңдау мақсатында тынбай жұмыс жасады. Білікті басшы ретінде қарамағындағы қызметкерлерге талап қоя отырып олардың заңдылықты, әскери-қызметтік тәртіпті сақтауын қадағалап, халық арасында полиция қызметінің имиджін көтеруде өзінің мол үлесін қосып келеді.
Қызметте талапшыл Ақмарат Әлменова отбасында жүрегі нәзік, қамқор, жанашыр ана. Досжан Еділ есімді ұл тәрбиелеуде. Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында 7-сыныпта оқитын Еділ бос уақытында спорт мектебінде дэюдо үйірмесіне қатысады. Болашақта анасы сияқты ішкі істер органдарында қызмет атқаруды армандайды.
Қазіргі таңда полиция майоры Ақмарал Әлменова Жергілікті полиция қызметі Жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бастығы лауазымында абыройлы қызмет етіп келеді. Басты мақсаты - Отан алдындағы Антына берік болып, ел мүддесі жолында адал қызмет ету.