КӘСІПКЕРГЕ ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ АЛЫНДЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі сот отырысында жеке кәсіпкер Жұмагүл Сарыбаеваның заңды мүддесін қорғап, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы тарапынан қарыз деп есептелген 25 млн.333 мың 177 теңгенің заңсыздығын дәлелдеп шықты. Сот отырысы кәсіпкердің пайдасына шешілді.
Сарыбаева Жұмагүл шағын кәсіпкерлікпен 20 жылдан бері айналысып келеді. Алғашында кәсібін сауда – саттықтан бастаған ол 2013 жылы қоғамдық монша салып, сол салада кәсіп жасай бастайды.
Алайда биыл жыл басында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының өкілі кәсіпкерге «Бақ-Нұр» моншасына тұтынған газ үшін 25 млн.336 мың 177 теңге қарыз екендігі туралы хабарлама қалдырып, 3 күннің ішінде төлеуді талап еткен. Монша іске қосылғаннан бері коммуналдық қарыздарды уақытылы төлеп жүрген Жұмагүл бұл ескертпе қағазымен келіспейтіндігін айтып, сотқа жүгінеді.
Сотта кәсіпкердің мүддесін қорғаған Палата кеңесшісі Әлімжан Тоқболатов мына жайттарды ортаға салды. Аталмыш моншаға газ есептегіш құралын орнатып, оған техникалық қолдау көрсетіп келген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы және оның үлестес компаниясы «КҚЕО-Қызылорда» ЖШС-і. 3 жылдан бері аталмыш компания өкілдері ай сайын ақылы түрде бақылау жұмыстарын да жүргізіп келген. Сөйте тұра осы жылы ғана газ есептегіш құралының талапқа сай еместігін айтып, қомақты айыппұл салған.
Палата кеңесшісінің келтірген дәлелдерін мұқият зерттеген сот шешімді кәсіпкердің пайдасына шешіп берді.
Айта кету керек, Палата кеңесшілері жыл басынан бері кәсіпкерлерге 300-ге жуық сервистік қызмет көрсетті.