ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ МАЗМҰНДЫ КЕШ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 түзету мекемесі мен ЗК-169/1 уақытша ұстау изоляторында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен кездесу кеші өтті.
Оған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Lev ami» еврей этномәдени бірлестігінің, «Беркат» шешен этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, 200-ден астам жазасын өтеп жүрген және уақытша ұстау изоляторының азаматтары қатысты.
Шарада «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова Алғыс айту күнімен қатысушыларды құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.
Ал «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ержан Уәйіс сөз сөйледі. «Алғыс айту күні барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн деп білемін. Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Мерейлі мереке баршаңызға құтты болсын», - деді.
Өз кезегінде этномәдени бірлестік мүшелері мерекеге арнап концерт қойды. Ал, ЗК-169/5 түзету мекемесі мен ЗК-169/1 уақытша ұстау изоляторы тарапынан келген қонақтарға сыйлық берілді.