ҰБТ-ҒА ӘЗІРЛІК ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жалағаш кентіндегі №202 орта мектепте облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев пен аудан әкімінің орынбасары Ж. Тажмахановтың қатысуымен мәжіліс өтті өтті. Онда алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы талқыланып, осы бағытта атқарылатын жұмыстар бойынша мақсаттар мен міндеттемелер нақтыланды. Сонымен қатар, оқушылар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, инклюзивті білім беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы айтылды. Кент және ауылдық округ мектеп басшылары, мектеп психологтары және арнаулы пән мұғалімдері қатысқан мәжілісте саладағы басқа да мәселелер талқыланды.