АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАНДАР АРАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР КӨП
Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейілдің хабарлауынша алаяқтық фактісі бойынша сотты болғандардың дені әйелдер. Өткен жылы осы бап бойынша сотталған 87 адамның 55-сі нәзікжандылар болып отыр.
Зерттеу көрсеткендей алаяқтар көбіне өздеріне алданып қалғандардың заңдық білімі жоғын жақсы пайдаланған. Олар несие мен жер теліміне, баспанаға зәру жандардың сеніміне кіріп, ақшаларын алып отырған.
Солардың бірі Г.Әбілханова атты азаматша өзі шартты түрде сотты бола тұрып, тағы қылмысқа барған. Адамдарды алдап, әлекке түсірген ол 4 жылын темір торда өткізетін болды.
Соттталғандардың 23-і 30 жасқа толмағандар. Отыз бесі әлі қырыққа келмеген. Олардың 90 пайызы жұмыссыздар болып отыр.
Алаяқтар арбауына түсіп қалғандар тәжірибесі несие, жер телімі немесе мемлекеттік қордан баспана алып беруге, жұмысқа тұрғызуға көмектесемін дегендерге сенудің қажеті жоқтығын көрсетіп отыр. Ондай мұқтаждығыңыз болса тиісті органға тікелей хабарласқаныңыз жөн.
Мұндай оқиғалардың жиілеп кетуі тиісті органдар мен ұйымдарда алаяқтықтың алдын алатын жұмыстар жүйесіздігін, «сенім телефонының» жоқтығын көрсетеді. Сондай-ақ, алаяқтарға алданып қалғандар құқық қорғау органдарына кеш хабарласатыны да белгілі болып отыр.
Осыған байланысты өткен жылы Қызылорда облыстық прокуратурасы «Алаяқтық қылмыстың алдын алу» жобасын әзірлеп, жүзеге асыра бастады. Осының арқасында былтырғы екінші жартыжылдықта қылмыстың бұл түрі 37 пайызға төмендеді.
Жоба аясында телеарналардан бейнероликтер көрсетіліп, халық шоғырланатын аумақтарға арнайы материалдар орналастырылды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін органдарға, банктерге, несие ұйымдары мен нотариальдық кеңселерге осы бап бойынша сотты болғандардың тізімі жіберілді. Облыс прокуратурасының сайтында да алаяқтық бойынша сотталғандар туралы мәлімет орналастырылды.
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі