БЕС ТІЛДІ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ежелгі түріктердің Шивээт улаан ғұрыптық кешені» атты орыс, қазақ, ағылшын, моңғол және түрік тілдерінде жарық көрген ғылыми басылымның таныстырылымы өтті. Шараны музейдің ғылыми кітапханасы ұйымдастырып отыр, деп жазады mks.gov.kz.
Шараға Зейнолла Самашев, Көмеков Болат, Қаржаубай Сартқожаұлы, Тұрсын Жұртбай, Тілеген Садықов т.б зиялы қауым өкілдері қатысты.
Түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы: «Бұл басылым таза ғылыми жұмыс. Қытай деректерінде бұл кітапта жасалған зерттеулерді толықтыра түсетін көптеген мәліметтер бар. Символдар мен ритуалдарға байланысты біраз ақпараттар табуға болады. Сондықтан бұл зерттеу әрі қарай жалғасады деп ойлаймын. Жалпы, ғылыми еңбек ешкімнің жеке меншігі болмауы керек. Ол ұлттың қажетіне жарау керек. Сонда ғана ғылым өзінің нәтижесін береді», – деді.
ҚР ҰҒА академигі Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы: Біз осы уақытқа дейін тарихымызды отырықшы қоғамның заңдылығымен зерттеп келдік. Тарихтағы көп жағдайлар біздің ғұрпымызға лайық болмай, біз артта қалған халық ретінде танылып келдік. Мұның барлығы көшпелі қоғамның ерекшеліктерін түсінбегендіктен. Ал «Шивээт улаан ғұрыптық кешені», біріншіден, дала өркениетінің құндылығына жатады», – деп басылымның басты ерекшелігін атап өтті.
Аталған кітап 2007-2009, 2015-2016 жылдары Орталық Моңғолиядағы Шивээт улаан тауында орналасқан көне түрік заманының ғибадатханасында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Шивээт улаан типтес бірнеше кешенді діни-ғұрыптық құрылысты (қорықтарды) тұрғызу ерте түрік қоғамында күрделі мифопоэтикалық дүниетанымдық жүйенің және бірнеше кезеңнен тұратын тиісті діни жоралғылардың болғандығын дәлелдейді. Бұл жерде Көктен жаратылған қағанға сыйыну мен құрбандық шалу сияқты нанымдық салтанатты рәсімдер өткізілген.