ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ҰРЛАҒАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
Қызылордада электр желілерін ұрлап жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды «Қоғам ТВ» тілшілері. Ол желі жымқыруды үш жылдан бері кәсіп қылып келіпті.
Ақпан айының басында «Арай-2» шағын ауданы мен Жаппасбай батыр көшелері тұрғындары электр желілерінің қиылғанын байқаған. Тұрғындар болған оқиға жайлы полицияға жедел хабарлап, сол арқылы ұры көп ұзамай қолға түсті. Облыс орталығында тұратын 25 жастағы жігіт ұрлықпен жалғыз өзі айналысқанын айтып отыр.
Күдікті «Арай-2» шағынауданындағы 100 пәтерлі үйге келіп тұрған электр желісінің 150, Жаппасбай батыра көшесіндегі алты үйге жарық беріп тұрған желінің 100 метрін қиып алған.
Ол ұрланған желінің біраз бөлігін металл қабылдайтын орынға өткізіп те үлгеріпті. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қылмысы толық дәлелденсе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.