ҰБТ-ДА ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН МЕН ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ЖАЙЛЫ СҰРАҚТАР ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН
ҰБТ-да Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин жайлы сұрақтар пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір біз сұрақтар дайындап жатырмыз. Ол жақта Димаш Құдайберген мен Головкин де болады. Бұл "сыни оқу" деп аталады. Яғни мәтін оқисыз, мәтін дельфиндер ұлттық батырлар жайлы немесе тіпті жұрттың назарындағы адамдар болуы мүмкін. Осыдан кейін бала мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Студенттер жауап беретін мәтіндерде танымал адамдардың болуынан еш сөкеттік көріп тұрғанымыз жоқ. Себебі бұл сынақ емтихандары. Мысалы, Головкин мен Винокуровты қосуға болады. Мұнда тұрған ештеңе жоқ", - деді Парламент отырысының үзілісінде Ерлан Сағадиев.
Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап жаңа форматқа өзгертілген сұрақ-жауапта Баян Есентаевамен қатар, талай әртіс-шоумендердің аты аталған екен. Ал қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан "Оқу сауатылығы" пәнін осындай сұрақтармен толтырған Ұлттық тестілеу орталығындағылар болса жастарды шоуға тарттық деп отыр.