НАЗЕРКЕ – СПОРТ ШЕБЕРІ!
Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Назерке Өмірғалиева ел чемпионатында жеңіл атлетикадан спорт шебері нормативін орындады.
Олимпиадалық ойындар бағдарламасына жеңіл атлетика бойынша 200 метр жүгіру ең беделді сайыстың бірі болып табылады. Назерке бұл қашықтықты 25,19 секундта, ал 60 метрді – 7,69 секундта жүгіріп өтті. Осылайша ол «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болды.
Назерке Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған веложарыста үшінші орын жеңіп алған болатын. 10 километрлік веложарыс қорытындысы бойынша Ал мемлекеттік рәміздер күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен сайыста ол 1-ші жүлделі орынды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Еліміздің Тұңғыш Президенті тесті чемпионатында да Назерке топ жарып, ұжымды қуантып келеді.
Спорт шебері Назеркенің арманы - өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында ел құрамасы сапында еліміздің туын көтеру.
«Дүниежүзілік әйелдер күні қарсаңында «спорт шебері» атағына ие болуым, менің анам үшін үлкен сыйлықтың бірі. Үйге жеңіспен оралып, жақындарымның қуанышын көру бәрінен де қымбат», - дейді Назерке.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық- құтқару жұмыстары қызметі