«ДАМУ» ҚОРЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Қызылорда облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасының қатысушыларына салтанатты түрде сертификат тапсырылды.
2014 жылдың басынан бері Қызылордалық 17 топ-менеджер тегін түрде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Назарбаев Университетінде» оқудан өтті. Аталған жоба аясында шағын және орта бизнеске жататын кәсіпорын басшыларын табысты бизнес құруда жаңа технологияларды ендіру, тиімді басқарудың жолдары мен стратегиялық және тактикалық бизнес мәселелерінің шешімін табуға «Назарбаев Университеті» жанындағы бизнестің жоғары мектебінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шетелдік оқу орталықтарын әріптестікке тарту арқылы оқытады.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев жобаға қатысушылардың барлығын құттықтап, салтанатты түрде оқуды сәтті аяқтағаны жөнінде сертификат табыстады. Семинарға қатысушылар өз кезегінде филиал директорымен оқуда алған әсерлерімен бөлісті.
Өз бизнесіне жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға «Даму» Қорының 50% кепілдендіруі арқасында қаражат алған «Алма-Дент» стоматологиялық клиникасының директоры Дүйсенкүл Тажикованың мәлімдеуінше, бизнестегі мол тәжірибесіне қарамастан оқыту жобасы көп пайдасын тигізген. «Оқуға ешқашан кеш болмайды, сондықтан бізге де біліктілік арттырып тұруға тура келеді. Назарбаев Университетінде біз бірегей басқару тәсілдерін жетілдіруге және бизнесте дұрыс стратегиялық шешім қабылдауға үйрендік. Менің бизнесім ақылы медицина қызметін көрсетеді және бұл сала елімізде қарқынды дамып келеді. Стоматологиялық клиникалар арасындағы бәсекелестік күнделікті артуда және бәсекелестерім менің алдымды орап кетпесі үшін мен әрдайым тиімді басқаруды жолға қойып, менің тұтынушыларыма қолайлы баға құруда қателеспеуім қажет болады. Тренерлер бізге осы және басқа да пайдалы кеңестерді мейлінше түсінікті жеткізді, - дейді Дүйсенкүл.
Қатысушылар арасында сондай-ақ, өте жас әрі келешегінен үміт күттіретін кәсіпкерлер де болды. Осындай кәсіпкердің бірі ретінде Сәрсенбек Айтуаровты айтуға болады. Ол студент кезінен металл өнімдерін шығару кәсібін қолға алды. 2013 жылы кәсіпкер «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасына қатысып, өз бизнес-жоспарын қорғап шықты. Ендігі бизнесті дамыту жолындағы қадамы «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысу болды. Бұл жобада Сәрсенбек өзіне қажетті білім алып қана қоймай, сонымен бірге басқа да өңірлерден келген табысты кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып, әріптестік орнатуға мүмкіндік алды.
Жобаның барлық қатысушылары мемлекет қолдауының кәсіпкерлік әлеуетті дамытуға үлкен септігін тигізетінін айта келе, тегін оқытудан өтуге мүмкіндік берген жобаға өз ризашылықтарын білдірді.