ӨКІЛЕТТІКТЕР ҚАЙТА БӨЛІНГЕН СОҢ ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНАДЫ
Депутаттар Президенттің атына үндеу жолдау арқылы министрлерді қызметінен босата алады. Ал Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерін Президент тағайындайды. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының білескен отырысында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков айтты.
Оның айтуынша, билік тармақтары арасында өкілеттіктер қайта бөлінгеннен кейін Парламенттің жаңа құрамы сайланады. Сонымен қатар Үкіметтің құрамы да жаңадан жасақталатын болады.
«Үкіметтің құрамын жасақтау барысында Премьер-Министр Мемлекет басшысының қарауына үміткерлердің тізімін ұсынады. Бірақ алдымен Парламентпен кеңесіп алады. Конституциялық реформалар аясында маңызды бір норма бар. Оған сәйкес, Үкімет өз өкілеттіліктерін жаңадан сайланған Президенттің алдында емес, жаңадан сайланған Парламенттің алдында тапсырады», — деді Жақсыбеков
Отырыста белгілі болғандай, Мәжіліс мүшелері Үкіметтің құрамын жасақтауға атсалысып, министрлер кабинетінің жұмысын бақылай алады.