ҰЛЫ АНАСЫНА БАУЫРЫН БЕРДІ
Тереңөзек кентінің тұрғыны 22 жастағы Мұхтар Ешпанов науқас анасына бауырының жартысын беріп, өміріне араша түсті.
Мұхтардың айтуынша, осыдан төрт жыл бұрын анасы Гүлжахан Баймаханованың денсаулығы сыр беріпті. Күннен-күнге дерті асқынып, жағдайы нашарлай берген оның ағзасындағы вирустар бауырға зақым келтіреді.
«Ұзақ уақыт ем қабылдаған анам үмітін үзген жоқ. Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығына барып қаралды. «Аутоиммунный гепатит» деген диагноз қойды. 2015 жылдың қыркүйегінде Алматыға тағы барғанда ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары донор тауып, ота жасау керектігін айтты. Отаға келіспеген жағдайда дәрі-дәрмектер арқылы өмірін екі-үш жыл созады екен» , – дейді Мұхтар.
Анамның қиналып жүргенін көрген Мұхтар донор болуға бел байлапты. Сәтін салғанда, ішімдік пен темекіге әуестгі жоқ спортшы жігіттің бауыры анасының ағзасына толық сәйкес келетін болып шыққан. Сөйтіп, Мұхтарға 16 сағат, анасына 19 сағат ота жасалды. Сәтті аяқталған күрделі отаны орталықтың білікті дәрігері Болат Баймаханов пен Шоқан Қаниев жасады.
«Дәрігер Болат Баймахановтың жетекшілігімен ота жасадық. Қазір Гүлжахан Баймаханованың да, баласының да денсаулығында проблема жоқ. Олармен хабарласып тұрамыз. Арасында бізге келіп, тексеріліп тұрады. Жалпы, біздің бақылауымызда. Денсаулығы бұрынғы қалпына келгенше біраз уақыт күтіну керек», – дейді Шоқан Қаниев.