ҮЕҰ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясындағы шараларға сәйкес мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар қарым-қатынасына елеулі өзгеріс енгізілді. Үкіметтік емес ұйымдар бастаған әлеуметтік жобаларды қаржылай қолдаудың жаңа формасы қалыптасты.
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте аймақтағы ҮЕҰ жұмысы сараланып, олардың алға қойған мақсат-міндеттері жайлы айтылды. «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Түсмағамбетов, «Руханиятты жаңғырту» қоры төрағасының орынбасары Гүлмира Әшірбекова, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Байқадамов және «Медиа пресс» ҚҚ төрағасының орынбасары Ақерке Болатқызы қатысқан брифингте жаңа мәртебеге ие болған ҮЕҰ қызметі жайлы кеңінен әңгіме болды.
- «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры 2007 жылдан бастап жастар саясаты, жас дарындарды қолдау, 29 жасқа дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыру, аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру бағыттарында жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған қор өзінің белсенді ұйым екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар, қор жанынан құрылған «Қамқор» кризистік орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен, түрлі жат ағымдар арбауына түскен жандарға қолдау танытуда, - деді Жандос Түсмағанбетов.
Брифингте басқа да қоғамдық ұйымдар мен қорлар жетекшілері атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді. «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры басшысының орынбасары Гүлмира Әшірбекова қордың жастарды патритизмге баулитын ұйым екендігін айтты. Олар бұл бағытта ел тарихын, көрнекті қайраткерлер мен ұлт батырларының өмірін негізге алады. Сонымен қатар қор Мемлекет басшысының Қазақстанды өркендеген елдер қатарына қосу жөніндегі бастамасына да қолдау көрсетіп келеді.