ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҰРҒЫННАН МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ
Қызылордалық Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық шаралар барысында тағы бір тұрғынды есірткі сақтағаны үшін ұстады.
Тінту кезінде оның күртешесінің қалтасынан қағаз қиындысына оралған жасыл түсті ерекше иісі бар есірткі заты тәркіленген. Сараптаманың қорытындысына сәйкес оның салмағы 4,27 гр.-ды құрайтын кептірілген марихуана екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Егер де күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда, оған қатысты 200 айлық көрсеткіш мөлшерде айыппұл салу немесе 1 ай мерзімге дейін қоғамдық жұмысқа тарту шарасы қолданылады.
Фариза ОМАРОВА