«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ОНЛАЙН СУРДОАУДАРМА ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ ҚОСТЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан сурдоаударма ұсынатын болады. Пилоттық жоба «Азаматтарға арналған үкімет» бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде.
Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа өңірлерде пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Басқарма төрағасының айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді кедергісіз және сапалы көрсетуге барлық жағдайды жасауда. Мысалы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері бар. Ал 1 және 2 топ мүгедектері Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО мамандарын үйіне шақыруына болады.