ПАЛАТАЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы.
«Бүгін біз ел үшін тарихи мәселені шешу үшін жиналып отырмыз. Өздеріңіз де білесіздер, қаңтарда конституциялық реформа жасау бастамасын көтерген едім. Осының аясында заң жобасы дайындалды. Заң жобасы бір ай бойы халықтың талқысына ұсынылды. Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, белсенділер мен азаматтық қоғам талқылауға қатысты. Мәселеге қатысты 6 мыңдай ұсыныс түсті. Кей баптар азаматтардың ерекше назарына ілікті. Бірлесе атқарылған жұмыста кем-кетік болмауы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Конституцияның 26-бабына түзету енгізу туралы айтты.
«Бір мәселе жөніндегі жағдайға тоқтала кету керек. Жалпыұлттық талқылау барысында жалпы Конституция бойынша ұсынылған барлық жобалар қолдау тапты деп айтуға болады. Дегенмен Конституцияның 26-бабын қоғамда көпшілік қолдағанымен пікір қайшылықтары да көрінді. Біздің сауалнама бойынша 70 пайыздан астам адам оны қолдап отыр. Дегенмен басқа пікір айтқан азаматтар да бар, меншік мәселесі жөнінде. Жер меншігіне байланысты деп ойлады. Ол жөнінде мәселелер болғанын «Жер туралы» заң қабылданған кезде білесіздер», — деді Елбасы.
ҚР Президенті Конституцияда елдің пікірі бар болуы, яғни консенсус болуы тиістігін баса айтты. «Осы қағдиданы ұстана отырып мен 26-бапты өзгеріссіз бұрынғы редакцияда қалдыру туралы шешім қабылдап, сіздерге ұсынып отырмын. Талқылау барысында сіздер де қарайсыздар деп ойлаймын. Ал өзге де маңызды мәселелерге қатысты заң жобасының бағыт-бағдары айқын», — деді Назарбаев.
Президент заңды жолмен иеленген кез келген жеке меншіктің Конституциямен қорғалатынына баса назар аударды.