ЖУРНАЛИСТЕР НАЗАРЫНА! БАЙҚАУҒА ЖҰМЫСТАР ҚАБЫЛДАНУДА!
ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облыстық соты журналистер арасында «Сот репортері» байқауы өткізіліп жатқанын хабарлайды.
Дәстүрге айналған байқау шарттарына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан 20 маусым аралығында БАҚ беттерінде жарияланған мақала, очерк, сұхбаттар, көрсетілген бейнесюжеттер мен телебағдарламалар қазақ және орыс тілінде қабылдануда.
Байқау талаптары бойынша журналистердің авторлық жұмыстары қоғамда заңдылықты, тәртіпті нығатудағы сот қызметі және оның маңызы, сот процестерінің тәрбиелік және профилактикалық рөлі жайлы болуы керек. Сонымен қатар, моральдық - адамгершілік тақырыбындағы сот судьялары жайлы очерктер, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың мәртебесін нығайту мәселелері туралы, сот жүйесіне енгізілген қазіргі заман технологияларының тиімділігі туралы жарияланымдар мен көрсетілімдер Фемида қызметкерлерінің ауыр, сонымен бірге мәртебелі еңбегін ашуы керек.
Байқау материалдары «Байқауға!» деген белгімен жарияланған күні көрсетіліп, қысқаша аннотациясы, авторы туралы мәліметтер жазылып, (А.Т.Ә., жұмыс орны, кәсібі, тұрғылықты жері, телефон нөмері, электрондық пошта адресі) өтініш, автор материалы жарияланған газет немесе журнал тұпнұсқасы немесе редакциялық баспа куәландырған көшірмесі, сондай - ақ, электрондық нұсқада (СД-дискіде) папкаға жинақталып ұсынылуы тиіс.
Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды.
Байқау жеңімпаздары ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы филиалы дайындаған арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.
Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-үй, 514-кабинет, E-mail: pressa_kzloblsud@mail.ru, тел: 55-12-16, 55-97-24.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі