«ҚАЗПОЧТА» ҰОК-КЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА МАРКА БАСЫП ШЫҒАРДЫ
«Қазпочта» АҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне 25 жыл» тақырыбындағы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының пошталық маркасын басып шығарғанын хабарлайды.
«Бүгін біз Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің 25-жылдық мерейтойына арнайы шығарылған пошталық марканың айналымға енгізу салтанантты рәсіміне қатысып отырмыз. Ел спорты егемендікпен бірге дамыды, спортшылардың бірнеше буыны ауысты, олардың көбі халықаралық жарыстарда топ жарып, тарихта өз ізін қалдырды. «Қазпочта» АҚ осы айтулы оқиғаға үлес қосу үшін арнайлы пошталық марка шығару туралы шешім қабылдады,» деді арнайы өткен шарада «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры Әлия Диқанбаева.
Пошта маркасы төрт бояулы офсетті баспа арқылы сегіз маркадан тұратын маркалы парақ түрінде орындалған, перфорациясы жоталы. Парақ өлшемі 140 х 120 мм. Марка өлшемі 28 х 40 мм. Суретші Ксения Плужникова. Маркада ультракүлгін бояу қорғаныс элементтері қолданылды. Пошта маркасының номиналы 100 теңге. Таралымы 7504 дана. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
«Ұлттық пошта операторы «Қазпоштаға» алғысымызды білдіріп, қазақстандық филателияның 25-жылдығымен құттықтаймыз. Бұл бірлесе ұйымдастырылған бірінші іс-шарамыз емес,» - деді ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетi 1990 жылдың 3 ақпанында құрылған. Өз қызметінде Халықаралық Олимпиадалық Комитетінің хартиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, ҚР ҰОК Жарғысын негізге алатын тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады.