БАҒДАРЛАМА АРҚАСЫНДА БИЗНЕСІН КЕҢЕЙТТІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған арнайы аймақтық бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашу мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын арттыруға мүмкіндік берді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даму» Қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі 2016 жылы 1,5 млрд.теңге қаржы бөлді. Осы бағдарлама аясында өз бизнесін дамытып отырғандардың бірі жеке кәсіпкер Гүлсім Тұрманова ұлттық нақыштағы киімдер мен перде тігумен айналысады.
Өзінің тігін цехын дамыту үшін Гүлсім Тұрманова шағын және орта бизнесті аймақтық қаржыландыру бағдарламасы аясында 15 млн.теңге несие рәсімдепті. Кәсіпкер несиені 8,5 пайыздық үстемемен рәсімдеп, оған айналым қаражатын толықтырып, жаңа құрал-жабдықтар сатып алған. Осылайша бұрын тігін машиналарының ескіруінен цех тұтынушылардың тапсырысын толық орындай алмай жүрген кәсіпкер қазір кеңейтілген цехта жұмысын табысты жалғастыруда
Гүлсім бизнесін 16 жасында қолындағы 150 мың теңгемен бастаған екен. Осы ақшаға ол тігін машинасын сатып алып, үйден киім тігуге тапсырыс қабылдады. Уақыт өте кәсіпкер тігін өнімдерін сатуға болатын шағын дүкен ашты. Ал бүгінде бизнесвумен 10 адамды жұмыспен қамтып, тігін цехын басқаруда, сондай-ақ тігін және тоқыма заттарын сататын үлкен дүкеннің де иесі. Гүлсім басқаратын дүкендегі өнімдер алуан түрлі, ал оның шеберлері ұлттық нақыштағы киім мен перделер тігуде.