ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жобаны іске қосты.
Аталған жоба міндетті түрде медиация рәсімін өткізуді қажет ететін жекелеген даулардың санаттарын қамти отырып, балаларға қатысты алимент міндеттемелерін орындау, неке бұзу, мүлікті бөлу, мұрагерлік, тұрғын үйден еріксіз түрде шығару, еңбек қатынастары дауларын сотқа дейінгі тәртіппен реттеуді көздейді.
Арал аудандық сотында судья Н.Бекетаевтың төрағалық етуімен талап қоюшы Б-ның жауапкер Е-ден заңды некеден ажырасу туралы азаматтық ісі осы жоба аясында қаралды.
Сот істі қарауға дайындық барысында тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөнінде өз ұстанымдарын білдіру және олардың арасында келісім болған жағдайда медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жазбаша келісімін жолдауды ұсынды.
Көрсетілген мерзім ішінде тараптар кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтің қатысуымен сотқа медиативтік келісімді ұсынды.
Келісімге сәйкес, талап қоюшы некені бұзуды талап етпейді және ерлі-зайыпты ретінде бірге әрі қарай өмір сүруді жалғастыруды қалайды, ал жауапкер өз кезегінде жұбайына сыйластықпен және түсіністікпен қарауға, отбасына жеткілікті түрде көңіл бөлуге міндеттенеді. Тараптар арасында өзге дау туындамаған және олар азаматтық істі қарауды әрі қарай жалғастырудан бас тартты.
Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, 681 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық соты ҚР АПК-нің 48-бабына сәйкес, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытындағы Жоғарғы соттың пилоттық жобасын іске асыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі