ТҰТЫНУШЫ ТАЛАБЫ ӘРДАЙЫМ ЕСКЕРІЛЕДІ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланды. Жиынға «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры Уәлихан Әбділманов қатысты.
Мәжіліс барысында Қызылорда ОТД бас директорының міндетін атқарушы Бақытбек Қалықов өткен жылы атқарылған жұмыс жайын баяндады. Былтыр FTTH технологиясын енгізу аясындағы жұмыс нәтижесінде iD Net қызметіндегі абоненттер саны 11729-ға жетті. FTTH желісінің жалпы құрастырылған сыйымдылығы 22460 портты құрап отыр.
GPON желісі құрылысымен қатар АDSL технологиясы бойынша деректерді табыстау желісін дамыту жұмыстары орындалды. 11 мультисервистік қатынауда деректерді табыстау ұйымдастырылды, нәтижесінде әр тораптың табыстау жылдамдығы 1 Гбит/с дейін көбейді, бұл порт сыйымдылығының кеңеюіне мүмкіндік берді. Қызылорда ОТД меншікті ресурстарының есебінен халыққа iD TV қызметін ұсыну үшін жеті ауылдық елді мекендерде жабдықты қондыру мен күйге келтіру жұмыстары жүргізілді, бұл порттық сыйымдылықты 256 нөмірге көбейтуге мүмкіндік берді.
Былтыр интернет желісіне кең жолақты қатынау қызметтерін жылжыту бойынша жұмыстар жалғастырылды, облыста КЖҚ тұтынушылар саны 44540 абонентті құрады.
«Тұрғындар саны 250 асатын ауылдық елді-мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстағы 80 ауылдық елді-мекенде ТОБЖ салу жоспарлануда.
Осыған орай 2017-2018 жылдары мемлекеттік, бюджеттік мекемелер, соның ішінде мектептер, СНП –ғы медициналық мекемелер 10 мбит/сек кем емес өткізімділік қабілеті бар КЖҚ қызметіне қол жеткізеді.
Мәжіліс барысында ұжым алдындағы міндеттер сараланып, дирекция мамандары қызметінің әрдайым тұтынушы талабына сай болатындығыайтылды.