СЕНАТОР ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТТЫ ШЕГЕРУДІ ҰСЫНДЫ
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа Қызылорда облысының уақытын табиғи белдеуге қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Біз депутаттық сауалымызды Премьер-министрге жолдаймыз. Жуырда біз оңтүстік өңірлерде болдық. Онда Арал, Қазалы аудандарының мәслихат депутаттары географиялық уақыттың қолайсыздығын айтып, шағымданды. Естеріңізде болса, 2005 жылдың 15 наурызында Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстанда жазғы және қысқы уақытқа көшу тоқтатылған еді. Оған дейін көршілес Ақтөбе облысымен бір сағаттық белдеуде жатқан Қызылорда, Қостанай облыстарында уақытты 1 сағат ілгері жылжыту туралы шешім қабылданған болатын», - деді ол.
Өз сөзінде депутат биологиялық уақыттың бұзылуы қызылордалықтарға ауыр тиіп жатқанын алға тартты.
«Географиялық белдеуге сәйкес қалыптасып қалған табиғи және үйреншікті биологиялық уақытты бұзу өңір халқының тұрмыс-тіршілігіне, көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Осылайша, жылдар бойы қалыптасқан тіршілік заңы бұзылуда. Таңертең 250 мың бүлдіршін мен оқушылардың тым ерте оянып, тас қараңғыда мектепке баруы балалардың денсаулығына, одан қала берді сабақ үлгеріміне әсер ететіндігін мұғалімдер мен дәрігерлер де үнемі айтып жүр», - деді ол.
Халық қалаулысы егер бұл мәселе шешімін таппаса, жергілікті тұрғындар түбінде ауыр дертке шалдығуы мүмкін екенін ғылыми деректермен дәлелдеуге тырысты.
«Адам эволюциясы, сомнология, физиология және хрономедицина саласын 10 жыл бойы зерттеген Панин, Дорохов, Рапопорт сияқты Ресейдің ірі ғалымдары адамды үнемі географиялық уақыттан бұрын мәжбүрлі түрде ұйқысынан тұрғызу созылмалы аурулардың өршуіне, обыр, қан тамырлары жүйесі аурулары, суицид, тіпті жол-көлік оқиғасының көбеюіне, жаңа аурулардың пайда болуына себеп болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ, оның әсері күзгі және қысқы уақыттарда қатты сезілетіні жөнінде ғылыми тұжырымдама бар», - деп атап өтті ол.