АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕНІ ҮШІН ҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ
Жалағаш аудандық соты құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Құқық бұзушы кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін, табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, осылайша оның берешегі 1 млн. 662 теңгені құраған.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған екі тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Жалағаш аудандық сотыныңбаспасөз қызметі