ҚАЗАЛЫЛЫҚ КЕЛІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ
«Пай, пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл дария секілді пейілдері-ай», – десе дегендей-ақ қазақ келіндерінің бар болмысын бойларына жиған қазалылық 16 келін сынға түсті.
Көктемнің нұрлы шуағымен бірге келген шұғылалы әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған мәдени шара Бекарыстан би ауылында өткізілді. Ауылдық мәдениет Үйінің жанындағы «Асыл аналар» ансамблінің орындауындағы «Гүл-гүл жайна» әнімен басталған шараны Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жүсіпов Толыбай Бәлдірұлы ашып, келіндерге сайыста сәттілік пен табандылық тіледі. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Көләнова Жанат Қуанышқызы барша ақ жаулықты аналар қауымын мерекемен құттықтаса, Майдакөл ауылдық округінің әкімі Өтеп-Әлі Өтіртай нәзік жандылардың төл мерекесінде амандық тілеп, ыстық ықыласын білдірді.
Қазақ әуелден «Келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан аттаған жас жанның тәрбиесіне мән берген. Осы мақсатта өткен байқаудың бірінші бөлімінде келіндер өздерін көпшілікке таныстырса, екінші бөлімде өз өнерлерін ортаға салды. Ал үшінші бөлімде қысқаша көрініс арқылы «Ибалы келін» сайысының мағынасын аша түсті. Сайысқа аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Көләнова Жанат, Майдакөл ауылдық округіннің әйелдер кеңесінің төрайымы Бекжанова Құралай, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Әжімұрат Бекзат қазылық жасады.
Алғашқы кезеңнен-ақ көрермендер мен қазылардың көңілінен шыққан аяулы келін, асыл ана болып жүрген Бекарыстандық Жарылқасын Назгүл бас жүлдені қанжығасына байлап, сый-құрметке бөленді. Бірінші орынды инабаттылығы бойына жарасқан жас келін Әйтеке би кентінен қатысқан Рысмамбетова Ақнұр иеленсе, екінші орынға Қазалы қаласынан Шайзадаева Салтанат табан тіреді. Ал үшінші орынды Құлманова Айгүл (Аранды ауылы), ТәуекеловаҰлпан (Лақалы ауылы), Алтыбаева Қалбибі (Абай ауылы) иеленді. Сонымен қатар, Бірлік ауылының келіні Кенесары Салтанат «Инабатты келін» номинациясымен және Бозкөл ауылының келіні Төрембетова Бану «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.