ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Бүгін Сырдария ауданында тоғызқұмалақтан мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Биыл 10-шы мәрте өтіп жатқан турнирге Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Қазақстаннан 14 жасқа дейінгі ұлдар, қыздар және ерлер мен әйелдер қатысуда. Турнир швейцар жүйесі бойынша 9 турдан болады.
Нәлқожа Ақбалаұлы Ергешбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында із қалдырған белгілі қоғам қайраткері. Елге адал қызмет істеген азамат "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталды. Бүгінде кент пен ауылдардағы мектептер, мәдениет үйлерінің бірқатары бір кездері осы ауданды басқарған Нәлқожа Ақбалаұлының бастамасымен салынды. Есімі ел жадында қалған азаматты күллі сырдариялықтар ерекше құрмет тұтады.
Жарыста әлем чемпиондары Нұрбек Қабиев, Диана Кенина (Ақтөбе), Ғалымжан Темірбаев (Астана), Әсел Дәлиева, Салтанат Сапарбекова (ОҚО) және Хәкімжан Елеусіновтер (Қызылорда) бақ сынасады.
Жарыс 5 наурыз күні мәресіне жетеді.
Жарыста әлем чемпиондары Нұрбек Қабиев, Диана Кенина (Ақтөбе), Ғалымжан Темірбаев (Астана), Әсел Дәлиева, Салтанат Сапарбекова (ОҚО) және Хәкімжан Елеусіновтер (Қызылорда) бақ сынасады.
Жарыс 5 наурыз күні мәресіне жетеді.