ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ МИНИСТР БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамына жаңа министр Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды.
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланған.
Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.
1979 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін, география және биология мамандығы бойынша тәмамдады. Философия ғылымдарының кандидаты. «Экологиялық мәселелердің дүниетаным аспектілері» кандидаттық диссертациясының авторы. Саяси ғылымдар докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы - «Транзиттік саясат жүйелеріндегі әлеуметтік саясат». Қоғамдық-саяси өмірдегі өзінің белсенді позициясын Қазақстанның ЛКЖО ОК бірінші хатшысы (1989 жыл) және Қазақстан Республикасының Жастар істері бойынша Мемлекеттік комитетінің төрағасы (1991 жыл) жауапты лауазымдарында таныта білді.
Иманғали Тасмағамбетов 1993 жылдан ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1995 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 1997 жылдан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы - ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдың желтоқсанынан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-Министрі. 2003 жылдан ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылдан - Астана қаласының әкімі.