МӘРТЕБЕСІ БИІК МАМАНДЫҚ
Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді іріктеу және қабылдау бірыңғай іс-шараларын орындау мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен осы оқу орнының 4 –курс курсанты Е. Қапбаров, Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетінің 4-курс курсанты Ғ. Ақмырзаев № 257 және С. Сейфуллин атындағы № 4 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Онда ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілді. Үш мамандық бойынша мамандарды даярлайтын оқу орнына келешекте өрт сөндіру және апаттан құтқару ісіне курсанттарды қабылдау жоспарлануда.
Институтта білім алу шетелде, яғни Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ бейінді оқу ұйымдарында оқу мүмкіндігі болып табылады. Оқу орнындағы 4 жыл оқу әскери қызметке теңеледі, институтты бітіргеннен кейін түлектерге арнайы азаматтық қорғау лейтенанты немесе әскери лейтенант атағы беріледі. Барлық түлектер төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінде кепілді жұмыспен қамтылады.
Институтта жеке құрамды патриоттық тәрбиелеуге, курсанттардың өз туған жеріне, өскен жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, оған қызмет ету, ұлттық және ата-баба дәстүрлерін сақтау, өз елінің тарихын білуге аса назар аударылады.
Оқу орнының ең үздік курсанттары алтыншы жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Президенті қолынан өздерінің азаматтық қорғау лейтенанты погонын алып келеді.
Кездесулерде Көкшетау техникалық институты туралы бейнероликтер көрсетіліп және тақырыптық кітапшалар мен бүктемелер таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД
кадр жұмысы бөлімі