ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев баспасөз конференциясын өткізіп, онда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы айтылды.
- Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында баяндағандай, елімізде алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсаты қойылып отыр. Бұл бағытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатып алу мен жалға берілетін баспаналар құрылысы жүзеге асырылады. Баспана алудың негізгі шарты - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған мемлекеттік сала қызметкерлері жолдама алып келген жағдайда айлық табысын растайды және депозиттік шотын толықтырып, тұрғын үйлерге қоныстанады,- деп айтып өтті Әділжан Рақымжанұлы.
Банк салымшылары үшін тұрғын үй бағасының 30 пайызын жинақтау немесе бірден салу арқылы қалған соманы 5 пайызға несиеге бөліп төлеп алуға мүмкіндік бар. Қойылатын талап - соңғы 5 жылда атында тіркелген баспана болмауы тиіс. Ал, Астана мен Алматы қалаларынан тұрғын үй алушылардан 2 жыл тұрақты тіркеу талап етіледі. «Жас Отбасы» бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда атында тіркелген баспанасы жоқ, некеде тұрғандарына 2 жыл толған, жастары 29-ға толмаған жас отбасы тұрғын үй инспекциясынан жолдама алып келу арқылы айлық табыстарын растап тұрғын үй алуларына болады. «Нұрлы жер» бағдарламасының концепциясында көрсетілгендей әлеуметтік - әлсіз топтар арендалық тұрғын үйлерге қоныстанатын болады және тек коммуналдық қызмет үшін ғана төлем төлеп отырады. Ол бағыт жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.
Брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы Ерлан Бердібаев өңірде үй алу кезегінде 21 мыңдай адам кезекте тұрғанын айтып өтті. Облысымызда жыл сайын үй тұрғызуға арнайы дайындалған жер телімдері бөлінуде. Дегенмен, «кезексіз үй алып берем, тұрғын үй кезегін жылжытамын» деген алаяқтардың да қатары азаймай отырғаны жасырын емес. Былтыр жергілікті құқық қорғау органдарында осындай 130 факті тіркелген.
–Біз жыл сайын тұрғын үй кезегінде тұрғандар туралы ақпаратты баспасөз беттеріне жариялап отырамыз. Осы орайда тұрғындарға айтарымыз, ешкімге сенбей, тек қана ресми орындардың ақпаратына сүйеніп, банк қызметкерлері кеңесіне жүгінген абзал, - деп атап өтті бөлім басшысы.