ПӘТЕР ҰРЛЫҚТАРЫНА ҚАТЫСЫ БАР АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметің хабарлауынша 2017 жылғы 26 қаңтарда Қызылорда қаласының тұрғыны Арай мөлтек ауданындағы үйіне белгісіз біреулер кіріп, алтын, күміс бұйымдарын, «Asus» үлгісіндегі ноутбугын, Nokia маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткендігін хабарлаған. Үй Осы бойынша ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің пәтер ұрлықтарының 10 фактісіне қатыстылығы анықталған. Олбарлық пәтер ұрлығы қылмыстарын бір жүйемен іске асырып отырыпты. Тәуір үйлерді таңдап, қожайындары жоқ екендігіне көз жеткізіп, терезені күштеп ашу арқылы кіріп, алтын бұйымдарды, ақша, ұялы телефондар мен ноутбуктарды қолды етіп отырған. Негізінен ұрлықты күндізгі уақыттарда, яғни сағат 09.00-ден 18.00 аралығында жасаған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн. теңгеге жуықтап отыр.
Осыған орай ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар алынып, ұсталған азаматшаның тағы осындай фактілерге қатыстылығы анықталу үстінде.