БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР
Білім саласына енгізілген жаңа реформаға сәйкес Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім қызметкерлерімен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжілісте 2016 жылғы Қызылорда қаласы бойынша білім саласының қорытындысы талқыланып, нәтижеге жетуде жаңа талаптар қойылды.
Шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы мектеп директорларынан бір мезетте орталықтандырылған түрде онлайн тесттен өткізуді сұрады.
Сонымен қоса, жыл сайын төменгі нәтиже көрсеткен негізгі пән мұғалімдері арасында пәндік олимпиада ұйымдастыруды, олимпиада жеңімпаздарын көтермелеуді ұсынды.
Басты мақсат – сан арқылы рейтинг қуалау емес, сапалы біліммен түлектер өмірінде баянды болашақты қалыптастыру.
Айта кету керек, оқу жылы соңында мектеп бітірушілер 2 кезеңнен тұратын сынақтан өтпек. Біріншісі қорытынды аттестаттау - барлық бітірушілер үшін мектептің базасында өткізіледі. Екіншісі ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген талапкерлерге арналған. Биыл ұялы телефон байланысын тұншықтыратын 12 құрылғы алуға қаржы қаралған. 50 шақырымнан жақын орналасқан 11 ауылдық мектептерден 164 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеу күні тасымалданатын болады.