ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАС КАДРЛАР РЕЗЕРВІ ЖАСАҚТАЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылатын болады. Мемлекеттік қызметтің кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар және жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері арасынан білікті кадрларды анықтау, іріктеу, тәрбиелеу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оларды жұмыспен қамту мақсатын көздеген жоба жайлы партия филиалында өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар кеңінен түсіндірді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимовтың айтуынша «Жастар кадрлық резерві» жобасы үміткерлерді тіркеуден бастап, ресми іріктеу кезеңі, сұхбаттасу сатысы, оқыту курсы, сынама тестілеу, ресми тестілеу, тағылымдама және қортынды секілді 8 кезеңнен тұрады.
Жобаға жасы 30-ға толмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген ҚР азаматы қатыса алады. Сондай-ақ, олар компьютермен, компьютерлік бағдарламалармен және басқа да оргтехникалармен жұмыс жасай білуі қажет. Резервистерді мамандығы бойынша жұмыспен қамту жұмыстарын департамент үйлестіретін болады.
Баспасөз мәслихатында сөз алған облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жоба аясында сынақтардан сүрінбей өткен білімді, білікті жас мамандардан мемлекеттік қызметке кадрлар резерві қалыптастырылып, мемлекеттік қызметшілерге деген сұранысты қанағаттандырып отыратын айтты.