ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН АУЫЛ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
Алғыс айту күнін атап өту 2016 жылы 15 қаңтарда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген. Алғыс айту күні осымен екінші жыл қатарынан атап өтіліп жатыр.
Мереке аясындағы кезекті шара Қызылорда облысына қарасты ІІІ-Интернационал ауылдық округінде аталып өтті. Оған Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов және ауыл тұрғындары қатысты.
Аталған мерекенің бұл ауыл үшін орны ерекше. Себебі бұл жерде «Жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір» 40-тан астам түрлі этнос өкілдері мекен етіп келеді. 1937 жылы Қиыр шығыстан қуғын-сүргін салдарынан бірнеше ұлттың өкілдері осында жер аударылған. Тәуелсіздік алғаннан соң тарихи отанына кеткендер де баршылық. Алайда көпшілігінің ауылдан ірге ажыратқысы жоқ. Өйткені бірлігі бекем, тірлігі түзу ортақ Отан оларға әрқашан ыстық.
Жиын барысында сөз алған аудан әкімі жиналған халықты мерекемен құттықтап, қиын-қыстау заманда өзге ұлт өкілдеріне қазақ халқының көрсеткен қамқорлығын ерекше атап өтті.
Шара соңы аудан өнерпаздарының шығармашылық концерттік бағдарламасына ұласты.