АДАМ ҰРЛАП, АҚША БОПСАЛАМАҚ БОЛҒАН
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясы А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Брифингте жақында ғана сотта қаралған іс бойынша тілшілер сауалдарына жауап берілді. Жуырда ғана сот алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлап, қорқыту арқылы ақша талап ету, аудан тұрғындарына зейнетақы мен жәрдемақы тарататын «Қазпочта» АҚ көлігіне қарақшылық жасау туралы жоспар құрған ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы мен мүшелеріне жаза кескен еді. Тінту кезінде 2 сотталушыдан ірі мөлшерде есірткі заты табылған.
Сот үкімімен сотталушылардың мүліктері тәркіленіп, топтың ұйымдастырушы мен жетекшісі 9 жылға, қалған екеуі 6 жыл 6 айға және 6 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Екі сотталушы жазаларын қатаң режимде, біреу - ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.