САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Қызылордада «S.MАLL» сауда кәсіпорындары объектілерде өрт сөндіру дағдыларын жетілдіру мақсатында түнгі өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Жаттығу сценарийі бойынша өрт шартты түрде бірінші қабатта орналасқан кондитер цехында пайда болды. От қабат бойынша тез таралып, қою түтіннің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген. Нысанның әкімшілігі шартты өрт туралы «101» телефоны бойынша хабарлайды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің, апаттар медицинасы орталығы, оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы, жергілікті полиция, жедел медициналық көмек, қалалық электр торабының апаттық қызметі, апаттық газ қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ №5547 әскери бөлім қызметшілері дереу жіберілді.
Өртті барлау барысында өрт сөндіру басшысы нысан әкімшілігімен байланыс орнатып, барлау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін олардан қажетті деректерді алды. Барлау жұмыстары сауда залы жағынан, қосалқы және әкімшілік үй-жайлардан бірнеше бағытта ұйымдастырылды.
Өрт сөндірушілер қатарлас тұрған ғимараттарды қорғау үшін қажетті шараларды жасады. Оқиға орнында құрылған жедел штаб шартты өрт сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілердің әрекеттерін басқарды.
Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Б. Қосмұратов іс-әрекеттерді бағалап, жасалған жұмысты сараптады. Оқу-жаттығуға «жақсы» деген баға берілді.