ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ақпараттық ресурстық орталығы ашылды. Орталық «Кәсіпкер палатасы» ғимаратының 3-қабатында орналасқан.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған іс-шараларды өз деңгейінде өткізу және аймақтың туристік әлеуетін таныту мақсатында құрылған орталық жұмысын "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры жүзеге асырады.
Халықаралық көрме кезінде ресурстық орталық облыс тұрғындары мен туристерге көрме өткізілетін орын мен Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр қаласына саяхаттауға байланысты ақпараттарды жеткізеді.
«Қорқыт Ата» зиярат ету кешенінде «Этноауыл» құру жоспарлануда, онда қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы өз өнімдерін ұсынатын болады.
Көрмеге билеттері жөнінде тұрғындарды БАҚ арқылы хабардар ету жұмыстары жалғасын тауып келеді.
Бүгінгі күні облыс тұрғындарының электронды билеттерді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының арнайы сайты мен Қызылорда облысындағы барлық «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде алуға мүмкіндіктері бар, сонымен қатар билеттер «Жібек жолы» ойын-сауық орталығында сатылады.
Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, жетім балалар, 6 жасқа дейінгі балалар көрмені тегін тамашалай алады. Ал, оқушылар мен студенттерге, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.