ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ӨЛМЕС ӨНЕР
Әйтеке би кенттік клубының ұйымдастыруымен халық ақыны Байназар Өтепұлын есте қалдыру мақсатында аймақтық жас жыршы-термешілер байқауы болып өтті. Ертеден келе жатқан жыршылық өнерді кеңінен дәріптеу, ата- бабамыздың асыл мұраларын жастардың жүрегіне жеткізу, өңір ақын-жырауларының мақам-саздары мен құнды шығармаларын кеңінен насихаттап, жас әнші, жыршыларды тәрбиелеуге жол ашу шараның басты мақсаты болды.
Доданы аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі. Байқауға Арал, Қармақшы, Қазалы аудандарынан 12-17 және 18-32 жас аралығындағы талапкерлер қатыстырылып, тартысты өтті. Олар ереже бойынша Байназар Өтепұлының термелері мен еркін тақырыптағы жыр-термелерді мақам-саздарын бұзбай орындады.
Аймақтық байқаудың қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері Насыр Баекеев, аудандық әуез мектебінің оқытушысы, жыршы-термеші Сандуғаш Бисембаева, жыршы-термеші Болатбек Рсалы қазылық етті.
Байқау қорытындысында 12-17 жастағы өнерпаздар арасынан бас жүлде қазалылық Гүлдана Нұртуғанға бұйырды. Бірінші орынға Арал ауданынан келген Әли Кеңесұлы лайық деп танылса, екінші орында қармақшылық өнерпаз Фариза Қасенова. Үшінші жүлдені Аралдан келген жас жыршы Бексұлтан Орынбасаров алды.
Ал 18-32 жастағы өнерпаздар арасынан бас жүлдені қазалылық Айдос Тұрар алды. Бірінші орынға Асылзат Әбілхан (Қазалы), екінші орынға Рамазан Рысбек (Арал) көтерілсе, үшінші орын Жанболат Өмірзаққа (Қазалы) бұйырды.
Сонымен қатар, қазалылық термешілер Ғайша Шаңбаева «Асыл қазына» номинациясымен, Ақыл Қосуақов «Әуезді сыр сазы» номинациясымен, қармақшылық Динара Шоңбаева «Жыр жауһар» номинациясымен марапатталды. Бірқатар талапкерлерге арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жиналған қауым киелі сахнада бар өнерлерін ортаға салып, есте қаларлықтай кештің шырайын келтірген жыр–термешілерге алғыстарын жаудырды.