«ОЛАР БІЗДІ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРДЫ»
Қызылорда қаласындағы №9 мектептің жоғарғы сынып оқушылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Раиса Голубеваның «Құрт – қайырымы мол асыл тас» өлеңіне жазылған шағын театрландырылған қойылым қойды.
№9 мектеп директорының орынбасары Майгүл Өтешованың айтуынша оқушылар бұл қойылымды Алғыс айту күніне арнайы ұйымдастырған.
- Біздің қыздар өз кейіпкерлерін өте жоғары шеберлікпен орындағаны сонша көрермендер көздеріне жас алды. Оларды қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ әйелдері мен балаларының тағдыры ойландырады. Бұл шағын өлеңде автор арнайы бұйрықпен салынған АЛЖИР орталығын бейнелеген. Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзікжанды қамауда болған. Аталған оқиғаның нүктесі меніңше жаңа мереке - Алғыс айту күнімен қойылған сияқты. Себебі бұл мереке барлық қазақстандықтардың бір біріне деген жанашырлығы мен достығын білдіреді, - дейді мектеп директорының орынбасары.
Қойылыммен қатар дайындаған концерттік бағдарламаға мектеп оқушыларынан бөлек, облыстағы түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды.
Сондай-ақ, бұл күні мұражай қызметкерлірінің дайындаған ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырылған. Бұнда қазақ, кәріс, орыс, өзбек ұлттарының асханаларынан ұлттық тағамдары ұсынылды. Мұражайға келушілер тағамнан дәм татты.

Фариза ОМАРОВА