ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАС ДӘРІГЕР ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН СОТТЫ БОЛДЫ
Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Нұрлан Қалиевтің хабарлауынша Қазалы аудандық сотының үкімімен пара алғаны және мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны үшін орталық аудандық аурухананың бас дәрігері 5 жылға сотталды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.
Сотта сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, бір азаматты аудандағы емдеу мекемелерінің біріне көлік жүргізушісі етіп жұмысқа тұрғызу үшін 500 000 теңге пара алғанын айтты.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Аудан прокуроры жазаның жеңілдігіне орай протест енгізді.
Жалпы өткен жылы пара алғаны үшін 16 лауазымды тұлға сотты болған. Бес сотталушы жазаларын түрмеде өтеп жатыр, 10 адамға жалпы сомасы 81 млн. теңге айыппұл салынды, тағы бір адамның бостандығы шектелді.
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі