ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТАУЫП ОТЫР
Қызылордада жобаларға бөлшек кепілдендіру бойынша жас кәсіпкерлермен кезекті келісім шарттарға қол қойылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлерінің жалпы құны 28500000 теңге болатын 3 жобасы «Даму» Қорының 50 пайызға дейін кепілдендіруі бойынша қолдауға ие болды.
Шағын және орта бизнес өкілдерінің несие рәсімдеу кезіндегі кепілзат жетіспеушілігінің бірегей шешімі мемлекеттің жобаны 70% - ға дейін бөлшек кепілдендіруі болып отыр.
Осы мүмкіндікті өңірдің 3 жеке кәсіпкерлері Бауыржан Итыбаев, Азамат Шамбилов және Нұрлыбек Алиевтер пайдаланып, жас болғандарына қарамастан отбасыларының қолдауымен өз бизнестерін ашты. Ендігі жерде табысты бизнестерін дамытуға мемлекеттен қолдау тапты.
Арал ауданының кәсіпкері Нұрлыбек Алиев өз кәсібін 2012 жылы нан өнімдерін шығарудан бастады. Кәсіпкердің сөзінше, оның цехы күнделікті демалыссыз жұмыс жасайды, ал нан күніне 3 рет пісіріледі. Нұрлыбек цехын ашқан уақыттан бері дайын өнімді сатуды жөнге қойды, жергілікті бірнеше дүкендермен келісімге отырып, жаңа піскен нан өнімдерін жеткізіп отырады. Жас кәсіпкер өзінің бизнесін жинаған қаражатына ашты, бүгінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан несие рәсімдеп, наубайхана ашуға қажетті ғимарат сатып алуды жоспарлайды. Жас кәсіпкер несие рәсімдеу барысында кепілзат жетіспеушілігін мемлекет көмегінің арқасында сәтті шешіп отыр, яғни «Даму» Қоры кәсіпкердің жобасын 50%-ға дейін кепілдендіруді мақұлдады.
Тағы да бір жас бизнесмен Азамат Шамбилов жалға алынған автокөліктермен жүк тасымалдауды кәсіп етті. «БЖК 2020» бағдарламасы аясында бөлшек кепілдендіру қаржы құралының көмегімен кәсіпкер өзіне жүк тасымалдайтын көлік сатып алатын болды.
Сондай-ақ, Қызылордалық кәсіпкер Итыбаев Бауыржан облыс орталығында алғаш рет «Шаштараздарға арналған оқу орталығы» жобасын жүзеге асыруды бастады. Кәсіпкер бұл салада көп жылдар бойы жұмыс жасады, түрлі салондардарда қызмет көрсете жүріп, өзінің де осы бизнесті жүргізуге болатынын ойлады. 2009 жылы шағын ғимаратты жалға алып, өзінің «Aru-Naz» салонын ашты. Осымен Бауыржанның кәсіпкерлік тәжірибесі басталды. Онымен қоса, «Болашақ» Колледжінде «Шаштараз ісі» сабағы бойынша дәріс берді. Бүгінде «Цеснабанк» АҚ-нан несие рәсімдеген Бауыржан оқу орталығын ашуға қажетті ғимарат сатып алуды және сол орталықта өзі ынталы азаматтарды шаштараз ісіне үйретуді қалайды. Ал несие алу үшін Даму Қоры кәсіпкерге 30 пайыз кепілдік ұсынып отыр.Бауыржанның сөзінше, орталықта оқу аптасына 3 рет 2 ауысыммен өтетін болады. Дәріс ұзақтығы 3 айға созылады, ал курс соңында қатысушыларға «Lisap» итальяндық дистрибьютерлік компаниясының стандартына сай сертификат табысталады. Одан бөлек, кәсіпкер «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз және тұрмысы нашар халықты оқуға қатыстыра отырып, оның жұмыспен қамтамасыз етілуіне ықпал етуді қолға алмақшы.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің несиелерінің үстеме пайыздары «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша 7%-ға төмендейді.