АРАЛ АУДАНЫНДА ЕКІ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ БОЙ КӨТЕРДІ
Биылғы жыл 80 мыңнан астам халқы бар Арал ауданының тұрғындары үшін сәтті басталуда.
Денсаулық сақтау саласы бойынша бірнеше жаңалықтар орын алып, медициналық көмектің қолжетімділігі артуда. Ауданның Аманөткел, Қаратерең ауылдарында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.
Құны 101 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын ғимарттар заман талабына сай жабдықталған. Дәрігерлік амбулаторияларда 15 медицина қызметкері жұмыс жасайды. 10 төсек орынға арналған күндізгі емдеу бөлімі ашылған, дәрі-дәрмектермен толық қамтылған.
Емдеу мекемелерінің салтанатты ашылуына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты. Шарада келер жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға байланысты туындаған тұрғындар сауалдарына жауап берілді.